Мақсаттары мен міндеттері
«Монополияға қарсы сарапшылар альянсы» ҚБ (бұдан әрі - Бірлестік) негізгі мақсаттары :
- қазақстандық монополияға қарсы органмен ынтымақтастықта монополияға қарсы заңнаманы қолданудың тиімді практикасын қалыптастыру;
- бәсекелестікті қорғау және дамыту саласында тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
- сараптамалық қоғамдастық пен қазақстандық монополияға қарсы орган арасында бәсекелестік мәселелері бойынша конструктивтік диалог өткізуге жәрдемдесу;
- бәсекелестік мәселелері бойынша норма жасау қызметіне қатысу;
- бәсекелестікті реттеу мәселелерін талдау және әлемдік тәжірибені пайдалану;
- заңгерлер мен экономистердің бәсекелестік түсінігін қалыптастыруға жәрдемдесу;
- монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша кең сараптамалық және кәсіби қоғамдастықты қалыптастыруға жәрдемдесу (бәсекелестікті реттеу).
Негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін Бірлестік келесі қызметті жүзеге асырады:
- монополияға қарсы заңнаманы қолдану практикасын мониторингілеу;
- қазақстандық монополияға қарсы органмен монополияға қарсы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелерін талқылау;
- монополияға қарсы органға монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- жеке пікір қалыптастыру, монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша сараптамалық тұжырымдамалар (ұсынымдар) әзірлеу;
- бәсекелестікті қорғау және дамыту мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
- монополияға қарсы органмен, оның аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қазақстандық және шетелдік ұйымдармен, баспасөз, радио және телевизия өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту;
- Интернет желісіндегі жеке сайтын құру және қолдау;
- өткен жылғы жұмыс нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп әзірлеу;
- Бірлестік қызметіне қатысты ақпаратты оның мүшелері арасында тарату;
- бәсекелестікті қорғау және дамытудың құқықтық және экономикалық мәселелеріне зерттеу жүргізу;
- іскерлік ынтымақтастықты, Бірлестік мүшелері арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
- Қазақстандағы және шетелдегі монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелеріне арналған ашық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу (симпозиумдар, семинарлар, конференциялар);
- Практикада қолданатын заңгерлер, экономистер және монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелеріне қызығушылық танытатын ЖОО студенттері үшін семинарлар мен тренингтер ұымдастыру;
- Бірлестік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.