МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ

САРАПШЫЛАР АЛЬЯНСЫ

Мәзір
info@antitrust.kz 8 (7172) 79-27-36 Хат жазу
Табуға

Еуразиялық монополияға қарсы форумда Голомзин А.Н., Князева И.В. және Иванов А.Ю. «Бәсекелестілті дамытқаны үшін» қоғамдық марапатымен марапатталды

Еуразиялық монополияға қарсы форумда Голомзин А.Н., Князева И.В. және Иванов А.Ю. «Бәсекелестілті дамытқаны үшін» қоғамдық марапатымен марапатталды

2017 жылғы 16 ақпанда Алматы қ. Еуразиялық монополияға қарсы форум жұмысы барысында адал бәсекелестікті дамытуға елеулі қосқан үлесі үшін Қоғамдық Марапатпен марапатталды:

ГОЛОМОЛЗИН Анатолий Николаевич – Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметі басшысының орынбасары (Мәскеу қ.), ТМД елдерінің монополияға қарсы саясаты жөніндегі Мемлекетаралық кеңес жанындағы монополияға қарсы заңнама бұзушылықтарын бірлесіп зерттеу бойынша Штаб жетекшісі;

КНЯЗЕВА Ирина Владимировна – «Бәсекелестік саясатты және экономиканы зерттеу орталығы» зертханасының жетекшісі, э. ғ. д., Ресей халықтық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметінің сарапшысы (Новосібір қ.);

ИВАНОВ Алексей Юрьевич – Жоғарғы экономика мектебі - Сколковоның Құқық және дамыту институтының директоры (Мәскеу қ.).

Марапаттау барысында әр марапатталушының еңбегі атап өтілді. Голомолзин Анатолий Николаевич ТМД елдерінің монополияға қарсы саясаты жөніндегі Мемлекетаралық кеңес жанындағы монополияға қарсы заңнама бұзушылықтарын бірлесіп зерттеу бойынша тұрақты Штаб жетекшісі болып табылады, оның жұмысының нәтижелері Қазақстанның адал бәсекелестік жағдайына оң әсер етеді. Штаб қызметі тауар нарықтарындағы монополияға қарсы заңнама бұзушылықтарын бұлтартпауға бағытталған, оның табысты жұмыс жасауы ТМД аясындағы жалпы экономикалық кеңістік қалыптастырудың негізі болып табылатын инфрақұрылым құруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ ТМД азаматтарының әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары Штаб халықаралық ұялы байланыс роумингі, әуе тасымалдары және т.б. нарықтарда бәсекелі ортаны жақсартуда оң нәтижелерге қол жеткізді.

Князева Ирина Владимировна Қазақстандағы адал бәсекелестікті адвокаттау мәселелері бойынша білім беру саласына зор үлес қосты. Ол - монополияға қарсы саясат мәселелері жөніндегі Қазақстандағы алғашқы оқу құралының авторы. Осылайша, 2014 жылы И.В. Князева мен Е.С. Пермякованың Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде (Өскемен қ.) оқытылатын «Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты» мамандығы бойынша пәнді әдістемелік қамту үшін «Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты» оқу құралы басып шығарылды. Сонымен қатар, Князева И.В. 2015 жылы Қазақстанның Монополияға қарсы органының тапсырысымен Айтжанов А.Т. редакциялауымен «Бәсекелестікті дамыту және қорғау орталығы» АҚ басып шығарған «Қазақстан Республикасының Бәсекелестік құқығы» алғашқы қазақстандық оқу құралының бірлескен авторы болып табылады.

Иванов Алексей Юрьевич ЭЫДҰ шақырылған сарапшысы ретінде 2015 жылы «Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы және саясатына шолуды» (бұдан әрі - Шолу) әзірледі. Аталған Шолу 2015 жылғы 29 қазанда ЭЫДҰ бәсекелестік жөніндегі Жаһандық форумда қарастырылды.

Шолу ұсынымдарының негізінде «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясының 53 қадамын іске асыру шеңберінде монополияға қарсы қызмет жұмысының тұжырымдамасын өзгерту және оны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес келтіру тұрғысынан соңғы екі жылда қазақстандық монополияға қарсы заңнамаға түбегейлі және маңызды өзгерістер енгізілді.

Альянстың атынан Қоғамдық Марапатты Альянс Кеңесінің Төрағасы Айтжанов Алдаш пен Альянс Кеңесінің мүшесі Құсайынов Ақылбек табыстады.

: