Әріптестер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Монополияға қарсы реттеу саласында қызмет көрсетуде 8 жыл табысты практикасы бар. Қазақстанда және шетелде 1000-нан астам клиенттері бар.
Қауымдастық 2016 жылы құрылды және оның мақсаты – мүшелердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, бәсекелестікті және кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ сарапшы қоғамдастықпен және мемлекеттік органдармен бірге монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру және компаниялардың құқықтық санасының деңгейін көтеру. Осы бағыттар бойынша жұмыс елдің барлық салалық нарықтарында саламатты бәсекелес ортаны қалыптастыруға алып келуі тиіс.
2009 жылы Ресей Федерациясының Әділет министрлігімен тіркелген, Федералдық монополияға қарсы қызметтің (Ресейдің ФМҚ) бастамасы бойынша құрылған.
Астана қаласындағы жоғарғы оқу орны. ЕҰУ өзіне 26 ғылыми мекемені (ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, орталықтар), 13 факультетті, Қосымша білім беру және біліктілікті арттыру институтын, әскери кафедраны, әртүрлі мемлекеттердің мәдени-білім беру орталықтарын қамтиды.
Ғылыми зерттеулер ғылыми білімнің екі саласы – экономика мен заң білімін тоғыстыра отырып жүргізіледі.
«Рынок и конкуренция» журналын 2011 жылдан бастап «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ шығарады.